Сайлау - 2021

«ADAL»-дың 16 өкілі үміткер болады

Жуырда «ADAL» саяси партиясы Орталық сайлау комиссиясына (ОСК) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлерді ұсыну туралы құжаттарын тапсырды.

Бұл туралы партияның БАҚ-пен байланыс қызметі хабарлады. Үміткерлердің қорытынды тізіміне партияның 16 өкілі кірген. Олардың қатарында: «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары, білім беру саласының сарапшысы Олжас Ордабаев, белгілі тележурналист, «Ашық алаң» тележобасының жүргізушісі, Maltabu.kz сайтының авторы Мақсат Толықбай, «Шопан Ата» Қазақстан қой өсірушілері қауымдастығының төрағасы Алмазбек Садырбаев, «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Жигули Дайрабаев, белгілі спортшы, қоғам белсендісі Ардақ Назаров, «ADAL» партиясының төрағасы Серік ­Сұлтанғали, мемлекет және қоғам қайраткері, бірқатар білім және әлеуметтік жобалардың авторы, экономист, саясаттанушы Эльдар Жұмағазиев және т.б. бар.
«Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» және «Саяси партиялар туралы» Заңдарға сәйкес, партиялық тізімде әйелдер мен жастардың 30% квоталық үлесі сақталған. Сондай-ақ облыстық аумақтық сайлау комиссияларына «ADAL» партиясының аймақтық филиалдарынан құжаттар түсе бастады. Қазіргі уақытта комиссияға Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімдер бойынша құжаттары берілді. Жақын арада қажетті құжаттар басқа өңірлік сайлау комиссияларына тапсырылатын болады.
19 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында «ADAL» саяси партиясының VII құрылтайы өтті. Құрылтайда сайлауалды бағдарламаның жобасы ұсынылып, партияның сайты таныстырылды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button