Елорда тынысы

Әлеуметтік нысандар – басты назарда

Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев Астана қаласы Құрылыс басқармасының басшысы Төлеген Құлұшевпен бірге «Өндіріс» тұрғын алабындағы әлеуметтік нысандарды аралады.

Аралау барысында аталған тұрғын алаптағы әлеуметтік нысандардың, оның ішінде өткен жылы қосымша жөндеу жұмысы жүргізілген №23 мектептің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты.

Осыған дейін аталған білім ордасының құрылыс жұмысы мен ағымдағы жөндеу жұмысы бойынша бірқатар өтініш пен сұрақ келіп түскен болатын.

Аталған мәселені назарға алып, толыққанды шешу мақсатында тиісті аралау жұмысы жүргізіліп, жауапты мердігер ұйымдарға аудан әкімі мен Құрылыс басқармасы басшысының тарапынан тиісті тапсырмалар жүктелді.

Кездесу барысында, бұдан бөлек, «Өндіріс» тұрғын алабындағы жаңадан бой көтерген ­дене-шынықтыру сауықтыру кешенінің ағымдағы жағдайы тексерілді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button