#Жаңа Қазақстан

Әр адамның дауысы маңызды

Сайлауға қатысып, дауыс беру – әрбір азаматтың борышы. Өйткені осы бір саяси науқанда әр адамның дауысы өте маңызды. Осы түйінді жете түсінген елорда тұрғындары өздеріне қарасты дауыс беру орындарына барып, өз таңдауын жасап жатыр. Солардың қатарында Астана қаласындағы Өзбек этномәдени орталығының төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі Шерзод Пулатов та бар.

Ол Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінің ғимаратында орналасқан №108 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

-Еліміздің әрбір азаматы бұл саяси шараға қатысып, өз дауысын беруді мәртебелі іс деп санауы керек. Өйткені ол сайлауға қатысып, өз дауысын беру арқылы ел келешегі мен жарқын болашағын айқындайды. Өзім бұған дейін болған бірде-бір сайлаудан қалыс қалмадым. Бұл күнге отбасымызбен бірге құрметпен қараймыз. Халық үшін үлкен мереке десе де болады. Өйткені олар өзгеріс, жаңашылдық күтіп отырғаны анық. Дауыс беру – әрбір болашақты ойлайтын адамның азаматтық борышы. Бұл сайлау халықтың бірлігін көрсетеді деп ойлаймын, – деді Шерзод Пулатов.

Сайлау учаскесіне таңғы 7-ден ашылған уақыттан бастап бірінші сағатта 28 сайлаушы келіп дауыс берген. Мұнда 2403 сайлау бюллетені әкелінген. Осы учаскеге тіркеулі 2379 сайлаушының 38-і  18 жасқа толғандар, яғни бірінші рет дауыс беретіндер. Мұнда 1 сайлаушы өз үйінде дауыс беруге өтініш берген. 10 байқаушы бар, оның үшеуі – ТМД елдерінен келген байқаушы.

Аяулым Серікқызы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button