Елорда тынысы

Әсем қалаға әр берген әз-Наурыз

Наурыз – бірліктің, ынтымақтың мерекесі. Биылғы мерекенің тағы бір үлкен жетістігі ұлттар ара ынтымақты күшейтіп, бірлікті бекемдеуді тақырып еткен мәдени іс-шаралар да көп өткізілді. Жалпы республика бойынша 400-ге жуық іс-шара өткізілсе, тек астананың өзінде 200-ден аса Наурыз думаны тойланып, жұрт мереке мерейіне, Наурыз қызығына қанды. Сонымен қатар қаланың 5 ауданында 30-дан астам мерекелік концерт өтті.

«ЕХРО» халықаралық көрме орталығында отандық және шетелдік қолөнершілердің қатысуымен «Көшпелі өркениет» фестивалі өтіп, оның аясында бай мазмұнды мәдени шаралар ұйымдастырылса, «Бәйтерек» монументінде ұлттық киім киген жастардың неке қию салтанатында көпке сыйлы ақсақалдар мен көпбалалы аналар «Наурыз бата» береді.

Орталық алаңда, «Қазақ елі» монументіне де наурыз шаттығы шалқыды. Аудан әкімдіктерімен бірлесіп Алматы ауданының 12 тұрғын үй алабында, Байқоңыр ауданының 8 тұрғын үй алабында, Сарыарқа ауданының 4 алаңында, Есіл ауданының 4 алаңында, Нұра ауданының 4 алаңында да мерекелік іс-шара өтті.

Осы күндері әртүрлі турнирлер, жарыстар, ұлттық ойындар мен ұтыс ойындары өткізілді, оларға мерекеге жиналған жұрттың көбі қатысып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button