Қала мен СалаҚала тіршілігі

«Агроқалашық» толықтай газға қосылады

Сарыарқа ауданында 850-ден астам тұрғын үй газға қосылды. 2151 тұрғын үй иесі техникалық шарттарды алса, 700 үйде монтаждық жұмыстар жүргізілуде.

[smartslider3 slider=875]

Қазіргі уақытта газ «Көктал-1», «Көктал-2» тұрғын алабына толықтай, ал «Агроқалашық» тұрғын алабының бір бөлігіне келіп тұр. Қараша айының соңына дейін «Агроқалашық» тұрғын алабындағы газға қосылмаған қалған 20 көше көгілдір отынмен қамтамасыз етілетін болады.

Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты тұрғындарды газға қосу бойынша түсіндіру жұмыс­тарын жүргізуде. Тұрғын үйлерді аралау барысында газға қосылу алгоритмі, мердігер ұйымдар тізбесі, әлеуметтік жеңілдіктер, несие және басқа да ақпараттар тұрғындарға жеткізіледі. Жеке тұрғын үйлердің құжаттарын заңдастыруды реттеу үшін әкімдік штабы жұмыс істеуде. Екі ай ішінде 418 тұрғын газға қосылу бойынша түрлі сауалдармен штабқа жүгінді.

Қазіргі уақытта көшелердің
97 пайызына газ келіп тұрғанымен, газдың өшіп қалуы, қысымның төмендігі сияқты мәселелер туындауда. Мамандар елордаға газ 1 мың шақырымнан астам жерден үлкен құрылыстың нәтижесінде тартылғанын ескере отырып, мұндай ақаулардың болуы қалыпты жағдай екенін, газдандыру толықтай аяқталып, тұрғын-үйлердің барлығы газға қосылғанда қысым тұрақталатынын ескертеді. Кез келген газ жаңадан тартылған аймақтарда осындай жағдайлар алғашқы 2-3 жылда орын алады екен. Ал Сарыарқа ауданының тұрғындары газды 1 жыл пайдалануда.

Орын алған ақаулардан кейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі бірқатар алдын алу шараларын жасады. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның апаттық қызметі күшей­тілуде, тұрғындардың өтінішін жедел қабылдау және атқару үшін орталықтандырылған диспетчерлік қызметті іске қосу сияқты жұмыстары атқарылуда.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button