Тағзым

Айманов пен Стржельчик

Қазақ киносын биікке көтерген әйгілі актер, режиссер, КСРО халық әртісі Шәкен Аймановтың соңғы түсірген фильмі – «Атаманның ақыры». 1970 жылы көрерменге жол тартқан бұл кинотуындыда Асанәлі Әшімов, Нұрмұхан Жантөрин, Нұржұман Ықтымбаев, Владислав Стржельчик сынды белгілі әртістер ойнады.

Мына суретте Шәкен Айманов пен атаман Дутовтың бейнесін сомдаған Владислав Стржельчик киноны түсіру кезінде бейнеленген. Актерді режиссер фильмге арнайы алдырған. Киноны түсіру кезінде талай қызықтар болған екен. Тіпті, Стржельчикті Шәкен атаманның киімінде сыраханаға ертіп апарған. Бұл туралы журналист Олег Дзюба естелігінде жазып кеткен. Бір өкініштісі, Шәкен Айманов фильмнің экранға шыққанын көре алмай, өмірден өтіп кетті. Ал Владислав Стржельчиктің дәм-тұзы содан ширек ғасыр өткен соң таусылды.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button