Sport

Айымбетов құтқарып қалды

Футболдан Қазақстан кубогының Д тобында үшінші кезеңнің ойындары өтті. Елорданың «Астана» клубы Түркістанда жергілікті «Тұран» командасымен кездесті.

[smartslider3 slider=3560]

Бұл ойында қарсыластар ұпай бөлісіп тарасты. Ойын­ның 47-інші минутында алаң иелері сапынан Бекзат Қабылан есеп ашса, екінші таймның ортасында астаналық Абат Айымбетов таразы басын теңестірді. Осылайша, 1:1 есебі ойын соңына дейін өзгермей қалды.

Үшінші турдан кейін 5 ұпаймен «Астана» бірінші орында тұр. «Тұранның» еншісінде төрт ұпай болса, қарағандылық «Шахтер» командасының қоржынында үш ұпай бар. Ал, Талдықорғанның «Жетісу» клубында бір-ақ ұпай.

Қазақстан кубогының ширек финалына шығатын командалар төртінші турдан кейін белгілі болады.

 

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button