Денсаулық

Айырмасын ажырата біліңіз

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (ТМККК)-ның жаңа моделі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеті жайында не білеміз? Мұның аясында қандай қызмет түрлерін алуға болады? Алғашқы медициналық-санитарлық көмекке кімдер жүгіне алады деген сұрақтарға жауап іздеп, айырмасын анықтап алу үшін Нұр-Сұлтан қаласының №2 Қалалық емханасының бас дәрігері Ләззат РУСПЕКОВАМЕН сөйлескен едік.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудағы медициналық көмек әрбір адамның өмір сүру деңгейін жақсартуға және болашақ ұрпақтың денсаулығына әсер ететін аурулардың алдын алуға бағытталған. Бұл сирек, тұқым қуа­лайтын аурулар және Тегін ме­дициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін басқа да ауруларды емдеуді қарастырады.
Алғашқы медициналық-­санитарлық көмек науқастарға шұғыл жағдайларда медициналық көмек көрсетуді, шешімін күттірмейтін медициналық араласуды талап ететін, әлеуметтік-маңызды ауруларды диаг­ностикалау мен емдеу қажет етілгенде көрсетіледі. Бұған туберкулез, АИТВ-инфекция, психикалық бұзылулар және мінез-құлықтың бұзылуы, қатерлі ісік аурулары жатады. Сонымен бірге созылмалы бірақ жұқпалы емес, мүгедектікке әкелетін және демографиялық залал келтіретін, қоршаған орта үшін қауіпті жіті жұқпалы ауруларды емдеу қарастырылған.
МӘМС моделі дені сау ересек адамдарды алдын алу мамандандырылған тексеріс өткізу, алдын алу мамандандырылған медициналық скринингтік тексеріп-қарау және 18 жасқа дейін балаларды жылына 1 рет, тіс дәрігері қызметтері (18 жасқа дейінгі балаларға, мүгедектер, зейнеткерлер, көпбалалы аналар) дәрігер-мамандардың қабылдауы, қеңес беру және ем-шара алу, созылмалы аурулары бар науқастардың дәрігер-мамандардың бақылауы АМСК деңгейінде динамикалық бақылауға кірмейтін (неврологиялық, эндокриндік, тұқым қуа­лайтын, ауруы, даму кемістігі, қан тамырларының ауруы, сүйек, буын, жарақат салдарлары, кейбір зат алмасудың бұзылуы және т.б.) зертханалық зерттеу, оның ішінде қымбат тұратын (микроэлементтер, ферменттер, кейбір дәрілік заттар, гормондар, витаминдер, онкомаркерлер, аутоиммунды маркерлер, аллергендер, вирустық гепатит маркерлеріне, ПТР-диагностика), жоспарлы түрде стационар емдеуге сақтандырылған азаматтарды емдеуді қамтиды.
Ал ТМККК оңтайландырылған моделі аясында келесі қызметтер қарастырылған: созылмалы аурулары бар науқастарды динамикалық бақылау, АМСК деңгейінде басқарылатын 25 түрлі басты аурулар, маман-дәрігерлердің кеңесі, зертханалық диаг­ностика, биохимиялық зерттеу­лер, онкомаркерлер 72 түрі, әлеуметтік маңызды ауруларды диагностикалау мен емдеу, шұғыл түрде емделуге жатқызу, динамикалық бақылау­ға жататын негізгі созыл­малы ауруларда жоспарлы стационарлық көмек көрсету, қоршаған орта үшін қауіп төндіретін және басқа да инфекциялық ауруларды енгізілген.
ТМККК және МӘМС пакеттері кезең бойынша оңтайландырылатын болады және қызметтердің тиімділігін қайта қарастыру мүмкіндігі бар. Осылайша, медициналық сақ­тандыруды енгізу, консультативтік-диагностикалық көмекке қолжетімділік, оңалту және оңалту көмегі, амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық қызметтердің сапасы жақсарады, халық денсаулық жағдайы мен жалпы медициналық сауаттылықты және басқа да көптеген артық­шылықтарды өзін-өзі бақылау дағдыларын меңгереді.
Азаматтар Қазақстан Респуб­ликасының аумағында өздері таңдаған кез келген клиникада медициналық көмекке ие бола алады. Бұл жағдайда барлық шығындар МӘМС арқылы толығымен қамтамасыз етіледі. Азаматтар кепілдік берілген тегін медициналық көмек пакеттерінде және МӘМС-те көрсетілетін медициналық көмек үшін барлық қосымша төлемдерден босатылады. ТМККК-ның жаңа моделі барлық санаттағы азаматтардың тең дәрежеде қол жеткізуін көздейді.

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button