Жаңалықтар

Әкім грантымен тегін оқы

Елорда мектептерінің биылғы түлектері арасында Астана қаласы әкімінің білім грантына өтініш қабылдау жалғасуда.

Бұл грант жетімдерге, мүге­дектерге, балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, көп балалы отбасылардан шыққан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі.
2018-2019 оқу жылына 19 мамандық бойынша 102 грант бөлініп отыр. Техникалық, инженерлік, медициналық және педагогикалық мамандықтарға басымдық берілген. Әкім грантына ие болғандар қаламыздың жоғары оқу орындарында тегін білім алады. Оның қаржысы жергілікті бюджеттің есебінен төленеді. Бұл бағдарламаға қатысу үшін Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен байланысуға болады. Анықтама үшін: 55-68-45, 55-68-40 (Сарыарқа және Байқоңыр аудандары тұрғындары үшін), 55-68-34 (Есіл ауданы).

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button