Жаңалықтар

Әкімнен 793 грант бөлінді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі 2020-2024 жылдарға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға 793 грант бөлді.

2018 жылдан бастап елорда әкімдігі жоғары оқу орындарында бас шаһар үшін аса қажет мамандықтарға мемлекеттік тапсырысты орналастыра бастады. Ол үшін қала әкімінің төрағалығымен тәуелсіз комиссия құрылып, оған қалалық басқармалардың, қоғамдық ұйымдардың басшылары мен Кәсіпкерлер палатасының өкілдері кірді.
Конкурстық комиссияның қорытындысы бойынша мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізімі анықталды.
Жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) қабылдау комиссиясына немесе ақпараттық жүйе арқылы жоғары білім алу үшін 10-20 тамыз аралығында және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін 24 тамыз-2 қыркүйек аралығында құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті;
2) білімі туралы құжатты (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде төлнұсқа);
3) ҰБТ сертификатын (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
4) 086-у нысаны бойынша медициналық анықтаманы;
5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде ЖЖОКБҰ-ның тілдік даяр­лықты күшейтуге арналған даяр­лық бөлімдерін бітірген тұлғалар ЖЖОКБҰ-ның ректоры қол қойған бітіргені туралы транскрипт ұсынады. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және тиісінше мамандық бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар қосымша мына құжаттардың бі­реуін тапсырады:
1) еңбек кітапшасы;
2) ұйымның мөрімен (егер бар болса) куәландырылған жұмыс берушінің қолы қойылған қызметтік тізім (қыз­меткердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
3) қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат көрсетілген архивтік анықтама;
4) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан аударылған міндетті зейнет­ақы жарналары туралы үзінді және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан алынған әлеуметтік аударымдар туралы мәліметтер;
5) жұмыс беруші тоқтатылу күні мен негіздемесі туралы белгі қойған еңбек шарты;
6) жұмыс берушінің актілерінен еңбек шартын жасасу және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауы мен тоқтатылуын растайтын үзінділер;
7) жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінділер.
Жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші өтініште өзі таңдаған жоғары білімнің беру бағдарламаларының тобын және ЖЖОКБҰ-ны көрсетеді. Бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда, оқуға түсуші білім беру бағдарламаларының төрт тобына дейін көрсете алады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button