Жаңалықтар

Әкімшілік іс қозғалды

Нұр-Сұлтан қаласы комендатурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, елордада тәулік ішінде 177 адам төтенше жағдай режимін бұзғанына байланысты оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Процессуалдық шешімді сот қабылдайды.

[smartslider3 slider=1813]

– Елордадағы жағдай тұрақты. Түнгі сағат 23.00-ден бастап таңғы 07.00-ге дейін коменданттық сағат жалғасуда. Қала периметрі бойынша 6 блокбекет тәулік бойы жұмыс істеуде. Бір тәуліктің ішінде қалада 9 қылмыс тіркелді. 74 жол-көлік оқиғасы орын алып, екі адам жарақат алды. «102» арнасына 1 732-ден астам қоңырау түскен. Олардың көбі – анықтамалық сипаттағы хабарламалар. Қала тұрғындарын ауа райына байланысты тас жолдың жағдайы, блокбекеттердің жұмысы, сондай-ақ құқық бұзушылық туралы мәселелер қызықтыруда, – деп атап өтеді комендатурадан.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button