Руханият

Алаш мұрасы архивтерден жинақталды

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Қазақ» газетінің 110 жылдығына орай Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық-ғылыми практикалық орталығының ұйымдастыруымен «baitursynuly.kz» сайтының таныстырылымы және ұлт ұстазының қазақ, ағылшын, түрік және орыс тілінде тұңғыш рет жарық көрген таңдамалы шығармаларының, сондай-ақ ғылыми экспедицияның «Алаш қозғалысы: дерек пен дәйек» атты қорытынды жинағының тұсаукесері өтті. Шара аясында «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Шараны ашып, жүргізіп отыр­ған Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-­Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Ербол Тілешов 2 ақпан қазақ тарихындағы атаулы күн екенін, осыдан тура 110 жыл бұрын осы күні Орынборда қазақтың тұңғыш ұлттық басылымы – «Қазақ» газеті жарық көргенін атап өтті. Оның басында Алаш ардақтылары Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы және Міржақып Дулатұлы тұрды.

Ұлт ұстазының мұрасын жинақтауға белгілі филолог ғалымдар тартылды. Архив құжаттары Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Ташкент және Орынбор қала­ларындағы мұрағаттардан алын­ды. Нәтижесінде 18 баспа та­бақты құрайтын еңбек жарық көрді.

Таныстырылымға көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, отандық және шетелдік ғылымдар қатысты. Академик, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Дихан Қамзабекұлы, филология ғылымдарының докторы Серікқали Байменше, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры Жандос Смағұл, филология ғылымдарының докторы Жантас Жақыпов, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, аудармашы, PhD Ақнұр Төлеубаева, Сенат депутаты, белгілі қаламгер Нұртөре Жүсіп, академик, Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Кәрімбек Құрманәлі, белгілі ақын Қазыбек Иса, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әлібек Асқар, алаштанушы ғалым Сұлтан Хан Аққұлы «Қазақ» газеті, Алаш қайраткерлерінің мұрасы жайлы пікірін айтты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button