Елорда тынысы

Апатты үйлердің тұрғындары көшіріледі

Соңғы үш жылда елордада апаттық жағдайдағы үйлерден 700-ге жуық отбасы көшірілді. Биыл қала басшылығы 300-ден астам отбасын көшіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті. Қала басшысы жуырда бірқатар апаттық жағдайдағы үйлердің тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін бірлесіп талқылады.

[smartslider3 slider=2040]

«Қала тұрғындарының баспана жағдайын жақсарту үшін әлеуметтік пәтерлер салу, қолжетімді жеңілдікпен берілетін тұрғын үй бағдарламаларын жүзеге асыру, тұрғын үй кешендерін жөндеу, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау бойынша ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Тозығы жеткен апатты үйлерді сүру бойынша да жұмыс жүргізілуде. Үйлер ескіріп, тозығы жеткендіктен шатырынан су кетіп, іргетасы құлағалы тұрады. Сол себепті электр, кәріз жүйелерінде үнемі проблемалар туындап тұрады. Құрылыс жылын ескерер болсақ, ішінде пеші, ал дәретханасы сыртында орналасқан көппәтерлі үйлер де бар. Биыл апатты жағдайдағы үйлерден 300-ден астам отбасын көшіруді жоспарлап отырмыз. Бүгін тозығы жетіп ескірген екі үйдің тұрғындарымен кездестім. Алғашқысы – Дүкенұлы, 21 (Сарыарқа ауданы) мекенжайында орналасқан бес қабатты жатақхана тұрғындары. Осыдан бір жыл бұрын осы үйдің тұрғындарымен кездесіп, проблемалардың бәрін бірлесіп талқыладық. Үй толығымен сүрілетін болды. Бұл мәселе мәслихатта қолдау тауып, осы жылға арналған сүру жоспарына енгізілді» деді А.Көлгінов.

Сондай-ақ елорда әкімі Угольная көшесі, 12 а (қазіргі әл-Фараби даңғылы, 27, Байқоңыр ауданы) мекенжайында орналасқан апатты үйдің тұрғындарымен кездесті. Бұл үйдің 75 пайызы тозған. Үй апатты деп танылып, ол да тізімге енгізілген.

«Тұрғындар құжаттардың бәрін ретке келтіруі қажет. Әр пәтер бо­йынша мәселе жеке қаралады. Соңғы 3 жылда апатты үйлерден 700-ге жуық отбасы көшірілді. Сондай-ақ тұрғын үй кешенін жөндеу, лифтілерді ауыстыру, құрылысы ұзаққа созылған үйлерді аяқтау бойынша жұмыс жүргіземіз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі айтарлықтай ұлғайды» деп түсіндірді елорда әкімі.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button