Жаңалықтар

Ақылбек КҮРІШБАЕВ: «Астана ақшамы» газеті әр үйдің төрінен көрінсін!»

Ақылбек КҮРІШБАЕВ, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры, профессор:

Отыз жылға жуық тарихы бар бас қаланың басылымы «Астана ақшамы» газеті – тың ойлардың, мемлекеттік мәселелердің, рухани құндылықтардың жаршысы. Соңғы кезде білім саласындағы реформалардың жүзеге асырылуын, түйткілді шаруаларды шешудің жолдарын, ұлт руханиятындағы жылт еткен жаңалықтарды үзбей жариялап келеді. Тек қаланың ғана емес, елдік деңгейдегі мәселелерге де құлақ түріп, оқырманның көңілін табуда ізденісі мол деп айта аламын. Басылым өзім басқарып отырған С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің де ұйымдастырылған айтулы шараларына үнемі өзінің төрін ұсынып келеді. Астананың алғашқы білім ордасын басқарып отырғандықтан болар, елордалық тұңғыш басылым біздің де назарымыздан ешуақытта тыс қалып көрген емес. Үнемі алып, оқып отырамыз. Қазақ баспасөзінде өзіндік орны бар газет ұжымына тек шығармашылық табыс тілей отырып, оқырмандар көбейе берсін дегім келеді. Әрбір астаналық азаматтың үйінен «Астана ақшамын» көрсек деген жылы лебізіміз де бар.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button