Экономика

Әр бесінші астаналық – кәсіпкер

Қазіргі таңда кәсіпкерлік саласы елорда экономикасының 60 пайызын құрап отыр. Бүгінде шағын және орта бизнес субьектілерінің саны 48 мыңға жеткен. 2007 жылы кәсіпкерлік саласында 128 мың адам еңбек етсе, бүгінде олардың саны 165 мың адамға жеткен. Былайша айтқанда, әр бесінші астаналық кәсіпкер болып отыр. Мұндай игі қадамға «Жол картасы – 2020» бағдарламасы ықпал етті дейді мамандар. Осы бағдарлама шеңберінде 2010 жылы Астанада 18 жоба қолдау тапса, былтыр жалпы құны 28,1 млрд теңге тұратын 118 жоба ма­құл­данған.
Жалпы, бұл бағдарлама басталғалы бері 33,8 млрд теңгенің 166 жобасы бекі­тілген екен.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

 

 

 

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button