Sport

Ардагер футболшылар жарысы

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Тарлан Арена» стадионында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт қайраткері Абдукаһар Абдрахманов есімін еске алуға арналған футбол турнирі өтті.

[smartslider3 slider=3859]

Қайырымдылық қағидасымен өткен жарысқа бұрынғы кәсіпқой және әуесқой футболшылардан құралған 6 команда қатысты. Екі күнге жалғасқан жарыстың финалында «Целинник» және «Динамо» командалары кездесіп, «тың игерушілер» жеңімпаз атанды. Ал, үшінші орын үшін өткен матчта «Степногорск» командасы «ҚТЖ Центр» ұжымынан басым түсіп, қола жүлдеге қол созды. Іріктеу ойындарында сүрінген «Атбасар» және «Еңбек-Колутон» командалары да жанкүйерлердің ықыласына бөлене білді.

Жеңімпаз және жүлдегер атанған командалар кубокпен, медальмен және дипломмен марапатталды. Сондай-ақ турнирдің үздік қақпашысы, қорғаушысы және шабуылшысы болып танылған футболшылар арнайы сыйлықтар алды. Ал, Абдрахманов әулеті атынан жүлдегер командаларға қаржылай сыйлықтар берілді.

Жарыстың бас төрешісі, футболдан КСРО спорт шебері Владимир Павлюк бұл турнир дәстүрлі жарысқа айналатынын жеткізді.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button