Жаңалықтар

АРДАГЕРЛЕР АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ

Кеше Бүкіләлемдік қоршаған ор­таны қорғау күніне орай, «Астана- Көгалдандыруқұрылысы» АҚ бас-тамасымен ағаш отырғызу акциясы өтті. Ауғанстан соғысы ардагерлерінің саябағында өткен шараға Астана әкімдігі қолдау білдірді.

Жыл сайын 5 маусымда Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні аталып өтеді. Бұл күні әлемнің жер-жерінде жасыл желектер отырғызылып, көгалдандыру ісіне айрықша мән беріледі. Бұл игі бастама бас қалада да қолға алынды. Ағаш отырғызу акциясына Ауғанстан соғысының ардагерлері келді.Ұжыммен бірге тал егуге келген «Астана-Көгалдандыруқұрылысы» АҚ бас директоры Жарқын Жұмағұлов бізбен әңгімесінде «Бұл іс-шара экологтар күніне байланысты ұйымдастырылды. Мұндай жауапты әрі сауапты істі жыл сайын өткізіп, дәстүрге айналдыруды көздеп отырмыз», – деді.

Әйгерім ЕСМАҒАНБЕТОВА,
А.Байтұрсынұлы атындағы ҚМУ-дің студенті 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button