Туризм

Әркімнің әлеуеті әрқалай

Астанадағы «Көрме» орталығында 15-інші қазақстандық халықаралық «Astana Leisure-2018» туристік көрмесі өтті.

Оған әлемнің 15 елінен 100-ден аса компания қатысты. Олардың арасында Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Грузия, Ресей, Украина, Корея, ­Таиланд мемлекеттерінен келген туристік компаниялар бар.
Қазақстандағы туристердің басым бөлігін медициналық туризм қызықтырады. Сондай-ақ, негізінен, Грузияға барып емделгенді жөн көреді. Бұл тенденция соңғы жылдары айтарлықтай байқалған. Мәселен, 2016-2017 жылдары Қазақстаннан Грузияға 35000 адам барса, осы жылдың 8 айында туристердің саны 57 мыңға дейін артқан.
Көрмеге қатысушылардың арасында отандық турфирмалар да болды. Олар Қазақстанның тарихи орындарын аралауға үгіттеп, ыңғайлы қонақүйлерді таңдауға көмек береді. Мысалға алар болсақ, Жамбыл облысынан келген туроператорлар XIII ғасырдағы тарихи орынға келіп демалу керектігін кеңес етіп отыр.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button