Мәдениет

Әсем әнге бөлейді

29 тамызда «Астана Опера» театрының әртістері Tengri TV мен театрдың YouTube арнасынан ҚР Конституциясының 25 жылдығына арналған жұртшылыққа мерекелік концерт ұсынады.

Мерекелік бағдарламаға қазақтың халық әндері мен Отан туралы патриоттық және лирикалық композициялар еніп отыр. Сахнада орындалатын елдің бірлігі мен ынтымағын жырлаған әндердің көбі – асыл қазынаға айналған туындылар. Концерт барысында театрдың талантты әртістері – Жанат Шыбықбаев, Жан Тапин, Меир Байнеш, Бейімбет Таңарықов, Айзада Қапонова, Салтанат Мұратбекова, Бибігүл Жанұзақ, Жәмиля Жарқымбаева, Мәдина Исламова, Елена Ганжа, Рамзат Балакишиев, Назым Сағынтай және т. б.өнерпаздар көрермендерді өз өнерлерімен әсем күйге бөлері анық.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button