Sport

«Астана» Бресті ала алмады

УЕФА аясындағы Чемпиондар лигасының бірінші кезеңінде Брест қаласының «Динамо» командасымен ойнаған «Астана» мәртебелі турнирден шығып қалды. Қазақстанның алты дүркін чемпионы 6:3 есебімен ұтылды.

COVID-19 жағдайына байланысты ережеге сәйкес өткізілген жеребе бойынша астаналық клуб бірінші ойынды сырт алаңда өткізетін болған. Сондай-ақ келесі айналымға шығатын команда бір ойынның нәтижесімен анықталатын еді.
Негізі мамандардың пікірінше, бұл кездесуде «Астана» жеңіске жетуге тиіс болатын. Алайда «астаналықтар» Брест алаңында оңбай ұтылды. Бірінші тайм­ның ортасына жетпей-ақ «Динамо» шабуылшылары үш гол соғып үлгерді. Одан әрі жағдай тіптен қиындап Беларусь футболшылары тағы үш гол соқты. Дегенмен біздің футболшылар да үш мәрте қарсыластар қақпашысын қапыда қалдырды. Алайда бұл жай ғана жұбаныш көрсеткішіндей болғаны анық.
Сонымен, Еуропаның ең беделді клубтық турнирінен «Астана» шығып қалды.
«Астана» енді қайтадан жалғасқан Қазақстан чемпионатына алаңсыз қатысатын болды. Елордалық команда ұлттық біріншіліктегі келесі ойынын 22 тамызда Көкшетаудың «Оқжетпес» клубына қарсы өткізеді. Ал премьер-лиганың төртінші турында мынандай нәтижелер тіркелді: «Қайрат» –«Каспий» 3:0, «Жетісу» – «Ордабасы» 2:3, «Тараз» – «Қызылжар» 0:0.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button