Sport

Астана құрамасы күміс алды

Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде еліміздің үздік командаларының қатысуымен велоспорттан респуб­ли­ка­лық жарыс өтті.

Бұл бәсекеге Астана, Алматы қа­лалары мен Жамбыл, Қара­­ғанды, Ал­маты, Павлодар, Қы­зыл­орда, Шы­ғыс Қазақстан, Қос­та­най, Оңтүс­тік Қазақстан, Сол­түс­тік Қазақ­стан және Батыс Қа­зақ­­стан облыс­тарынан бар­лы­ғы 13 команда қатысты.

Астана командасының құра­мын­да 18 спортшы болды. Бес күн­ге созыл­ған велододаның қо­ры­­тын­дысы бойынша елорда­лық спорт­шылар 6 алтын, 1 кү­міс, 5 қола медальге қол жеткіз­ді. Жалпы командалық есепте Астана командасы 677 ұпай жи­нап, екінші орынға табан тіреді. Бірінші орында 796 ұпай жина­ған Қарағанды облысының команда­сы болса, үшінші орын 529 ұпай­ды иеленген Алматы облы­сының велошабандоздарына бұйырды.
Жарысқа Астана қаласының құрамасын ҚР еңбегі сіңген жат­тықтырушы Владимир Березин дайындаған болатын. Енді астаналықтар 2013 жылдың17-23 маусымы аралығында Талды­қорған қаласында өтетін жарыста бақ сынамақ.

Ербол ЖАНАТ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button