Sport

«Астана» – жылдың үздік командасы

Биыл «Астана» футбол клубы үшін сәтті жыл болды. Елорданың командасы қатарынан төртінші рет
Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды.

«Астана» еурокубоктарда да табысты өнер көрсетті. Алдымен Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде ойнап, Литваның «Жальгирис», Польшаның «Легия» командаларынан өткенімен, плей-оффта Шотландияның «Селтик» клубынан әрі аса алмады. Бірақ осы нәтиженің өзі «Астананың» Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнауына мүмкіндік берді. Бір топта «Маккаби Тель-Авив» (Израиль), «Славия» (Чехия) және «Вильяреал» (Испания) командаларымен кездесіп, 10 ұпаймен 2-орынға жайғасты. Сөйтіп, тарихта тұңғыш рет қазақстандық клуб Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды. Ендігі қарсылас – Португалияның «Спортинг» командасы.

Тағыда

Таңатар Төлеуғалиев

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button