Жаңалықтар

Астанада газ баллоны жарылды

Төтенше жағдай болған жерге елорда әкімі Бақыт Сұлтанов барып, оқиғаның мән-жайына көз жеткізді.

Өкінішке қарай, жарылыстан зардап шеккендер бар. Бұл оқиға қалай болған? 15 наурыз күні сағат 17.06-да «101» өрт сөндіру бөлімінің орталық байланыс бөліміне Алаш тасжолы, 65/1 мекенжайы бойынша газ баллоны жарылды деген хабарлама түседі. «Ақпарат түскен соң өрт сөндіру қыз­метінің кезекші бөлімшелері оқиға орнына 8 минуттан кейін жеткен. Олар «МолПродуктсервис» ЖШС-тің ғимаратында газ баллонының жарылуы салдарынан төбе опырылып түскенін анықтайды. Опырылған жердің ауданы 300 шаршы метрді құрайды. Жарылыстың салдарынан үш адам зардап шеккен. 1991 жылы және 1970 жылы туған азаматтардың денесін қатты күйік шалған. Олардың екеуі №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Қарқынды терапия бөлімшесінде ем-дом қабылдауда. Ал өрт сөндіру жұмыстарына жеке құрамның 22 адамы, 6 техника жұмылдырылған» делінген ведомствоның ресми хабарламасында.
Сәл шегініс жасасақ, осыдан біраз уақыт бұрын қала әкімі Бақыт Сұлтанов елордадағы газ тарататын желілерді тексеруге арнайы тапсыр­ма берген болатын. Ендігі кезекте газды баллонмен тұтынатындарды тексеру басталатыны анық. Олай болса, көптеген адамдардың өміріне қауіп төндіретін газ баллондарының қолданылуына тыйым салынады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button