Жаңалықтар

Астанада жаңбыр жауады

Алдағы уақытта Астанада өткінші жаңбыр жауады. 14 шілдеден бастап күн жауын-шашынды болады, бұршақ жауып, күн күркірейді.

Синоптиктердің болжамынша, ауа райының өзгеруіне Солтүстік Қазақстан облысынан Астана аумағына циклонның ауысып келуі ықпал етеді. Бұл циклон оңтүстіктен жылжып келеді. Оған солтүстік-батыстан келген циклон қосылады, соның нәтижесінде елордада алдағы үш күнде күн райы бұзылады.

Ертең, 14 шілдеде күн ала бұлтты болады, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, ауа температурасы күндіз +26…+28°С, түнде +20…+22°С құрайды. Оңтүстік-шығыстан батысқа ауысқан жел 9-14 м/с жылдамдықпен соғады.

15 шілдеде елордада күн бұлтты болады, өткінші жаңбыр, бұршақ жауады, күн күркірейді. Ауа температурасы күндіз +22…+24°С, түнде +15…+17°С болады. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады.

astana.gov.kz

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button