Sport

Астаналық спортшы – әлем чемпионы

Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Дабиде өтіп жатқан джиу-джитсудан әлем чемпионатында Нұр-Сұлтан қаласының спортшысы Заңғар Абзал жасөспірімдер арасында чемпион атанды.

55 кг салмақ дәрежесінде ол төрт кездесу өткізіп, бәрін жеңді. Үш кездесуін мерзімінен бұрын аяқтады. Финалда бельгиялық Емень Стореббидіден ұпай санымен айласын асырды. Бұған дейін Заңғар Грецияда өткен әлем біріншілігінде «неваза» бөлімінде бірінші орын алған. Осылайша екі дүркін әлем чемпионы атанды.

БАӘ-де джиу-джитсудан әлем чемпионаты 11 қарашаға дейін жалғасады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button