Жаңалықтар

АСТАНАНЫҢ АЙШЫҚТЫ ТҰСАУКЕСЕРІ

Кеше Париж қаласында өткен Халықаралық Көрмелер Бюросының 153-ші сес­сия­сында­ Астананың жеңімпаз қала ретіндегі алғашқы тұсаукесері өтті. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық тарап ЭКСПО көрмесін өткізуге қол жеткізгеннен кейін жасалған жұмысы және Тіркелім құжаттамасын даярлау барысы жөнінде есеп берді. Отан­дық деле­гация құрамында ҚР Сырт­қы істер министрінің бірінші орынбасары, «ЭКСПО-2017» Халықаралық маман­дан­дырылған көрмесінің Комиссары Рәпіл

Жошыбаев, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Талғат Ермегияев болды.
Бұл – Астананың жеңімпаз қала ретіндегі бірінші тұсаукесері. Онда Мемлекеттік комиссия және Ұлттық компанияның құрылуы мен олардың міндеттері туралы, жобаны қаржыландыру мәселесі, халықаралық қатысушы елдермен жұмыс жүргізу бойынша іс-шаралар кешені, көрмені өткізгеннен кейінгі ЭКСПО нысандарын пайдалану жоспары сынды ақпарат берілген. Өз сөзінде Р.Жошыбаев ХКБ-ға мүше елдер өкілдеріне былтыр қараша айында елімізге дауыс беріп, барынша қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. Бельгияға әділ бақталастық үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ ол: «Қазақстан өз тарапынан 2017 жылы ЭКСПО көрмесін сәтті өткізуге барлық мүмкіндіктер жасайды. Біз ЭКСПО көрмесіне қатысушы елдерге және көрмені тамашалауға келуші адамдарға барынша жақсы жағдай жасауға тырысамыз. ЭКСПО-ны мемлекетіміз халықаралық көрмелер тарихында өз атын алтын әріп­пен қалдыратындай дәрежеде өткізуге ниеттіміз», – деп атап өтті.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button