Жаңалықтар

Азық-түлік бағасы төмендеді

Премьер-министр Асқар Мамин Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағаларын реттеу мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

[smartslider3 slider=1566]

Қазіргі жағдай мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Бәсе­келес­тікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев баяндады.

Өткен аптада Қазақстанда әлеу­меттік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,1%-ға төмендеді. Түркістан облысында 0,6%-ға, елордада 0,3%-ға, Шымкент қаласында және Маңғыстау облысында 0,2%-ға, Алматы қаласында және Қарағанды облысында 0,1%-ға бағаның төмендеуі тіркелді. Жалпы, республика бойынша көкөністер бағасының төмендеуі жалғасуда. Қалған басқа өнімдердің бағалары тұрақты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button