Әлеумет

Балалар өмірі – басты назарда

Жыл өткен сайын халыққа медициналық қызмет көрсететін жекеменшік қызмет жеткізушілер үлесі артуда. Медициналық аппараттар саны, емдеу тәсілдері көбеюде. Себебі балаларды емдеп, аяққа тұрғызып қана қоймай, қоғамға бейімдеу де маңызды. Оңалту орталықтары қажетті заманауи жабдықтармен, заманауи технологиялармен жабдықталған. Қор елімізде оңалту қызметтерінің дамуына қолдау көрсетеді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы оңалту қызметтерін көрсететін 45 медицина ұйымымен келісімшарт жасаған. Олардың ішінде: жекеменшік – 20, мемлекеттік – 22, республикалық 3 медицина ұйымы бар.

[smartslider3 slider=2586]

 МӘМС енгізілгелі не өзгерді?

 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгелі:

1) оңалту және қалпына келтіру көмегі қолжетімді;

2) оңалту орталықтарында болып, емшаралар қабылдау мерзімі жеке-жеке таңдалады;

3) қызметкерлер жалақысы артты.

Балалар қайда, қалай және қандай медициналық оңалтудан өте алады?

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Медициналық оңалтуды қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 7 қазандағы ҚР ДСМ №116/2020 бұйрықта бекітілген диагноздар тізбесіне сай, пациенттер тегін медициналық оңалтудан өте алады.

Оңалтудан өту үшін тіркелген жердегі емханадағы учаскелік дәрігерге, сондай-ақ оңалту орталығына бару керек. Науқасты медициналық оңалту үшін күндізгі стационарға жоспарлы жатқызу емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы жүзеге асады (күні белгіленеді).

«Белгіленген күні науқас және оған күтім жасайтын адам оңалту орталығына қажетті талдауларымен және құжаттар тізбесімен келіп, орталық әкімшісіне тіркеледі, содан кейін мультидисциплинарлық топқа (бұдан әрі – МДТ) өтеді, онда МДТ маманы оңалту әлеуетін, оңалту диагнозын анықтап, оңалтудың жеке жоспарын әзірлейді.

Біздің орталықта міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы балаларды кешенді медициналық оңалту Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2019 жылғы 28 ақпандағы №55 хаттамасына сай медициналық қызметтер сапасы жөніндегі бірлескен комиссия мақұлдаған «Неврология және нейрохирургия» бейіні бойынша «Амбулаториялық-емханалық оңалту II» медициналық оңалту: физиотерапиялық жаттығулар (кинезотерапия, механикотерапия), физиотерапия, еңбек терапиясы, логопедиялық түзету, психологиялық түзету бағыттары бойынша жүзеге асырылады.

Қосымша қызметтер аясында үгу (массаж), вакуумды үгу (массаж) биологиялық кері байланыс – тірек-қимыл, биологиялық кері байланыс – логопед, дефектолог, томатис терапияларын қабылдайды.

Әрбір МДТ маманы нәтижеге жету үшін алдына мақсат қойып, түрлі әдіс қолданады. Стандартты оңалту курсы – 21 күн, бірақ жақсы оңалту әлеуеті мен жақсы динамикасы болған жағдайда, оңалту кезеңі мақсатқа толық қол жеткізгенге дейін ұзартылады» деп түсіндіреді «Жұлдызай» медициналық оңалту орталығының басшысы Ұлжалғас Медетқызы.

 МӘМС аясында жолдаманы қалай алуға болады?

Пациент кешенді медициналық оңалтудан өту үшін жолдаманы учаскелік дәрігерге жүгінген кезде тіркелген жері бойынша емханада, сондай-ақ оңалту орталығында да ала алады. Құжаттар толық дайын болғанда, учаскелік дәрігер пациентті жоспарлы түрде күндізгі стационарға «емдеуге жатқызу бюросы» порталы арқылы ресімдейді. Әрі қарай оңалту орталығы күндізгі стационарға жатқызу күнін растайды. Қабылдау күні пациент және оны күтіп-қарайтын адам орталыққа қажетті талдаулармен және құжаттар тізбесімен келеді, орталық әкімшісінде тіркеуден өтеді. Құрамында емдеуші дәрігер, реабилитолог-дәрігер, мейіргер, ЕДШ нұсқаушысы, психолог, эрготерапевт, логопед бар МДТ-тан (мультидисциплинарлық топтан) өтеді. Оңалту емінің мақсаты, оңалтудың жеке жоспары айқындалады, содан кейін пациент оңалту курсын алады, соңында одан әрі оңалту бойынша ұсыныстар беріледі.

«Оңалту және қалпына келтіру емі тұрғысындағы медициналық қызметтің қолжетімді болғаны үшін алғысымыз шексіз» дейді ата-аналар.

«Медициналық қызметтерге созылмалы аурулары бар және мүгедектігі бар ересектер мен балалар көбірек жүгінеді. МӘМС диагностикалау және оңалту қызметтерін алуды, оның ішінде балалар мен мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді етті. Күрделі, бағасы қымбат оталар жасатуда кездесетін кедергілердің болмауына, сондай-ақ тегін дәрі-дәрмектер алуға мүмкіндік береді. Яғни отбасылық бюджет үшін жеңіл боп қалды. Ешқандай қағаз, полистер қажет емес. Ал дәрігерге Damumed электрондық қосымшасы арқылы жазылуға болады.

«Жаңа медициналық қызметтер, ең алдымен, оңалту және қалпына келтіру емі, ересектер мен балаларға арналған күндізгі стационар қолжетімді бола бастады. Бұл әсіресе менің немерем үшін өте маңызды, ол бес жыл бұрын миына ота жасағаннан кейін және екі жасында ми ісігінен асқынған оң жақ гемипарезіне шалдықты. Бізге ұзақ оңалту және қалпына келтіру қызметтері өте қажет. Үш жылдан бері «Жұлдызай» МОО балаларды оңалту орталығынан ем аламыз. Орталықтағы сабақтардың арқасында біз өте жоғары нәтижелерге және баланы қалпына келтірудің керемет динамикасына қол жеткіздік.

МӘМС жүйесі аясында ауруханаға жатқызу және өз емханасы арқылы порталға кіру арқылы орталықтан орын алу жеңілдеді. Оңалту және қалпына келтіру емі тұрғысынан медициналық қызметтерді алу қолжетімді болғанына өте ризамыз, бұл қалпына келтіру мен оңалтуды қажет ететін немерем үшін өте маңызды.

КТ және МРТ қоса алғанда, қымбат тұратын зерттеу түрлері, медициналық-генетикалық зерттеулер, гормондарды анықтайтын талдаулардың толық түрлері, қымбат тұратын зертханалық қызметтерді қордың медициналық ұйымдастыру жеткізушілері МӘМС пакеті шеңберінде көрсетеді.

Елімізде МӘМС бағдарламасы толық дамып, жұмыс істегенін қалаймыз» деген тілегін айтты Айарудың әжесі Гүлнәр Тасқожина.

Гүлнәрдің пікіріне басқа ата-аналар да қосылды.

«Жұлдызай» МОО-да оңалту емін тұрақты алып жүргенімізге бізге де үш жыл болды. МӘМС енгізілгеннен кейін қаланың барлық медициналық мекемелерінде, оның ішінде оңалту орталықтарында консультациялық-диагностикалық көмек алу бұрынғыдан әлдеқайда оңай.

Бала кезінен мүгедек болғандықтан, біз үнемі ақылы негізде көптеген сынақтардан, тексеруден өттік. Ал МӘМС енгізілгелі бұл талдауларды тұрғылықты жері бойынша емханада тегін тапсыру мүмкіндігі туды.

Бұрын ТМККК кезінде оңалтуға жету үшін кезекте тұру керек, ол кезек өте баяу жылжитын. Тіркелген жердегі емханада көптеген сынақтардан тегін өту мүмкіндігі болмады. Енді медициналық оңалтуды алу үшін порталға тұру жеткілікті, бұл ата-аналар үшін бүкіл емдеу процесін айтарлықтай жеңілдетеді.

МӘМС енгізу – сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру тұрғысынан әртүрлі диагнозы бар ерекше балаларды тәрбиелеп отырған біз үшін үлкен көмек» дейді Арлан Өтемісовтің анасы.

Қор елімізде оңалту қызметтерінің дамуына қолдау көрсетеді. Егер емделушіге медициналық көмек беруден бас тартса немесе оңалту ережелеріне қатысты сұрақтар туындаса, қордың елордалық филиалына 1406 байланыс орталығы немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Telegram-дағы SaqtandyryBot, қордың fms.kz сайты арқылы хабарласуға болады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша

филиалының баспасөз қызметі

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button