ЖаңалықтарҚала тіршілігі

БАСҚАРМАЛАРДЫҢ БЮДЖЕТІ ҚАНДАЙ?

Кеше Астана қалалық мәслихатының Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында бірқатар басқармалардың 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті талқыланды. Бюджет жобасымен елордалық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Әліби Жұмаев таныстырды.

????????????????????????????????????

Қаладағы автомобиль жол­дарының қалыпты қызметін қамтамасыз ету мақсатында алдағы үш жылға 13 272,5 млн теңге бөлу жоспарланды. Бұған қала көшелеріндегі жолдарды жөндеу кіріп отыр. Қаладағы көлік инфрақұрылымының дамуы ерекше назарға алынды. Жақын үш жылдағы кезеңде аталмыш жұмысқа 67 240, 5 млн теңге қарастырылды.
Бұл қаржы бұрын басталған бірнеше жобаны жүзеге асыруды жалғастыруға бағытталады. Атап айтсақ, кіші айналма жолының құрылысына, тұрғын алаптарда жолдар мен инженерлік желілердің салынуы мен қалпына келтірілуіне, Ш.Бейсекова көшесінен Абайдың 150 жылдығы көшесіне дейінгі С.Сейфуллин көшесіндегі жолды салуға, Достық көшесінен Халықаралық әуежайға дейінгі аралықтағы Қабанбай батыр даңғылын қалпына келтіруге, №14 – № 41 көшелер аралығындағы Баянтау көшесіндегі жолдың құрылысына, Манас көшесінен университет қалашығына дейінгі аралықтағы №41 және №42 көшелерді салуға бөлінбек. Сондай-ақ, коммуналдық көлік паркі мен коммуналдық базарға келу жолдарының құрылысын жалғастыруға да бюджеттен қаржы қарастырылған.
Қалалық Жер қатынастары басқармасына Астананың және шаһардағы республикалық маңызы бар жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау және жерді зондауды ұйымдастыру үшін де бюджеттен қаржы бөлінбек.
Әлеуметтік маңызы бар ішкі бағдарлар бойынша жолаушыларды тасымалдауды субсидиялауға үш жылдық бюд­жетте 541,0 млн теңге бөлу жоспарланды. Сонымен бірге жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, көлік ин­фра­құрылымын дамытуға, соның ішінде жаңа автобустарды сатып алуға, т.б. жұмыстардың да бюджеттен алатын өз үлесі бар.
Астананың Тұрғын үй инспекциясы басқармасына бір­неше бағыттар бойынша жұмысты жүргізуге де бюджеттен ақша қарастырылды. Соның ішінде келесі жылы қаладағы көп­пәтерлі 9 үйді күрделі жөндеу шы­ғыстары кіріп отыр.
Отырыста басқарма басшылары өз мекемелерінің қызметін қамтамасыз етуге қажет қар­жының қандай жұмыстарға жұмсалатынын нақтылап, комиссия мүшелерінің сұрақта­рына жауап берді.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button