Жаңалықтар

БАСТЫ ҰСТАНЫМ – «ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» ҚАҒИДАТЫ

Елордалық мәслихаттың заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқарма бастығының орынбасары Айжан Түгелбаева депутаттардың қарауына Астана қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджетінің жобасын ұсынды.

????????????????????????????????????

Жиын барысында елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі өсу қарқыны айтылды. Биылғы жылдың І жартыжылдығында өндіріс көлемі республикалық жалпы ішкі өнімнің 11 пайызын құраған.
– Астананың негізгі әлеуеті орта және шағын бизнес болып табылады, оның үле­сіне капитал салымының жалпы көлемі шамамен 60 пайызға тиесілі. Еңбек нары­ғында жұмыссыздық индикаторы 4,7 пайыз деңгейінде сақталып, бұл еліміздегі басқа аймақтар арасында ең төменгі көрсеткіш болып саналады, – деді Айжан Әлімқызы.
Осылайша, елорда эконо­микасының нақты секто­рын дамыту салықтық түсім­дердің тұрақты өсуін қам­тамасыз етуге мүмкіндік ту­дырып, олардың есебінен алдағы үш жылға арналған бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру қамтамасыз етілмек. Ұсынылған бюджет жобасы «қауіпсіз қала» қағидаттарына сүйене отырып, халықтың және қоғамдық институттардың пікірін ес­керіп, тиісті құрылымдар мен жүйелердің жұмыс сапасын арттыруға бағытталған.
Одан кейін Астана әкімі аппаратының қаржы-шаруа­шылық бөлімінің жетекшісі Михаил Жмурин өз саласына қатысты қысқаша шолу жасады. Ал қалалық Ішкі істер де­партаменті бастығының орынбасары Әлібек Мұсахметов өз баяндамасында үш жылға жобаланып отырған қаржының аясында жүзеге асатын мін­деттерге тоқталды. Келесі жылы Есіл аудандық Ішкі істер бөлімінің ғимаратының құрылысы басталмақ. Сонымен бірге ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлініп отырғандығын жет­кізді. Депутаттар тарапынан қаладағы қоғамдық тәртіп мәселесі де сөз болды.
Елордалық Ішкі саясат басқармасы басшысының орын­басары Қайрат Қамбаров өз саласы туралы да қысқа да нұсқа айтып өтті. «Ішкі саясат саласының ауқымы кең. Астана әкімінің әлеуметтік жұмыстарының бәрінде ішкі саясат саласының қатысы бар. Көптеген шаралардың үйлестірушісі. Қалалық әкім­діктің жұмысы мен қоғамдық-саяси және мәдени шараларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарататын мемлекеттік орган» деп өз сөзін түйіндеп өтті. Ол алдағы ЭКСПО-2017 көрмесі аясында мыңдаған шара жос­пар­ланып отырғанын жет­кізді. Ал, қалалық Дін істер бас­қар­масының басшысы Данияр Есин депутаттар алдында аталған басқарманың мақсаты мен алдағы жылдарға жобаланып отырған жұмыстары жайында сөз қозғап, олардың сұрақтарына жауап берді.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button