Білім

БОЛАШАҚ – БАЛАЛАР ЖАНАРЫНДА

Шеврон компаниясының қолдауымен Астана қалалық Ба­­ла­­­лар көркемсурет мектебі Елбасы кітапханасы ғимара­тын­­­да «Болашақ Қазақстанның энергиясы» балалар шығар­ма­­­­шы­лығы көрмесін өткізіп, осы тақырыпта өткізілген Республикалық сайыстың жеңімпаздарын марапаттады.

????????????????????????????????????

Аты айтып тұрғандай, бұл са­йыс «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуына орай ұйымдастырылды. Са­йыс балаларға қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетке тәрбиелеу және өскелең ұрпақтың арасында бейнелеу өнерін насихаттап, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында өтті.

Көрмеге 12-16 жас аралығындағы еліміздің түкпір-түкпірінен сайысқа қатысқан оқушылардың ең үздік 100-ден астам жұмысы қойылды. Байқауға республика бойынша 17 көркемөнер ұйымдарының шәкірттері мен Астана қа­лалық балалар үйінің тәрбиеленушілері қа­тысты. Сайысқа түскен жұмыстарға Суретшілер одағы, өнер қайраткерлері және ҚР еңбегі сіңген суретшілерден құ­рал­ған кәсіби қазылар алқасы төрелік етті.

Байқаудың төрт күнінде де Астана қалалық ЮНЕСКО клубы – Балалар көркемсурет мектебі қызметкерлерінің дайындаған танымдық және ойын-сауық бағдарламасы жоғары деңгейде жүрді. ЭКСПО-ның қарсаңында елорданы көруге, танымал суретшілермен кездесуге, әртүрлі шеберлік сыныптарына қатысуға мүмкіндік алған жас суретшілердің қуаныштарында шек жоқ. Айта кету керек, сурет конкурсы өткізілген уақытта «Болашақ Қазақстанның энергиясы» шығармашылық сайысының жеңімпаздары үшін бейнелеу өнері, сәндік-қолданбалы өнер, керамика және мүсіндеу өнерлері бойынша шеберлік сыныптары да өткізілді. Бұған қоса, балалар үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде экскурсиялар жүргізіліп, құнды ақпараттар алу мүмкіндігіне ие болды. Арнайы Балаларды қорғау күніне Алматы қаласынан кәсіби кинологтар тобы келіп, музей ғимаратының алдындағы алаңда көрнекі бағдарламасын паш етті.

Естелікке толы керемет конкурстың нәтижесінде 12-14 жас аралығы бойынша бас жүлдені астаналық Алина Утаева алса, 15-16 жас аралығы бойынша ақтөбелік Диа­на Өтетілеуова жеңіске жетті.

Гүлжан  РАХМАН

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button