Елорда тынысы

Бояу өнімдерін өзіміз шығарамыз

Елордада «Астана – жаңа қала» АЭА №1 индустриялық паркінің аумағында лак-бояу өнімдерін шығаратын зауыттың салтанатты ашылуы өтті. Кәсіпорын «Индустрия 4.0» стратегиясына және Қазақстан Республикасында жергілікті қамтуды дамыту және импорт алмастыруды ынталандыру жөніндегі бағдарламаны іске асыруға сәйкес құрылды.

[smartslider3 slider=3787]

Кәсіпорынның ашылу салтанатына Индустрия және инфрақұрылымды даму министрінің орынбасары Марат Қарабаев, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев,

Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Азамат Абдуалиев, «Astana Invest «ГЦРИ» ЖШС басқарма төрағасы Әнуар Нигматов және басқалар қатысты.

– Біз лак-бояу зауытының ашылуына қатысып отырмыз. Бұл – тікелей шетелдік инвестициялар. Ол «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан. Бұл – алғашқы индустриалды парк. Мемлекет барлық қажетті қолдау көрсетуде, жер телімі бөлінді, сондай-ақ мемлекеттік қолдау аясында салықтық жеңілдіктер мен кедендік баж салығынан босату бар. Сондықтан біз алдағы уақытта да шетелдік және жергілікті инвесторлардың импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған жобалары болуы үшін осындай жобаларын қолдауды жалғас­тыратын боламыз, – деді Ерлан Бекмурзаев.

«ВМП Астана зауыты» ЖШС кәсіпорны жетекші әлемдік өндірушілердің заманауи жабдықтарымен жабдықталған. Шығарылатын өнім металл, бетон және темір-бетон конструкцияларын коррозиядан және оттың әсерінен қорғауға арналған, олар өнеркәсіптің түрлі салаларында, атап айт­сақ, газ, мұнай, энергетика, Ресейдегі, Қазақстандағы, алыс және жақын шетелдегі өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс салаларында кеңінен қолданылады. Бүгінгі таңда зауытта лак-бояу өнімдерінің сынақ партиясы шығарылды.

«ВМП Астана зауыты» ЖШС қазақстандық инвестормен бірлесіп өнеркәсіптік мақсаттағы лак-бояу материалдарының жетекші ресейлік өндірушілерінің бірі («ВМП» ғылыми-өндірістік холдингі) іске асыруда. Жаңа зауыттың өндірістік қуаты жылына 5000 тоннадан асады. Жер учаскесін игерудің жалпы ауданы – 2,17 гектар. Мұнда өнім ассортиментінің 20-дан астам түрін шығару жоспарлануда. Егер тәжірибе туралы айтатын болсақ, «ВМП» ғылыми-өндірістік холдингін қамту жетекші салалық шетелдік және ресейлік институттарда, әсіресе мұнай-газ саласында: «Газпром» ЖАҚ, «Транснефть» АК, «Роснефть» ҰК, «СИБУР Холдинг» ЖАҚ және Ресейдің басқа да ірі өнеркәсіптік компанияларында сынақтан өтті.

Өндіріс ошағының өнімдері жол айрықтарын, теміржол, жаяу жүргіншілер және автомобиль көпірлерін, мұнай-газ және энергетика құбырларын салуда қолданылады.

– Зауыт құрылысы 2018 жылы басталды. Бүгінгі таңда шығарылатын «ВМП» лак-бояу материалдары халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Ғылыми тәсіл, алдыңғы қатарлы өндірістік кешен және білікті персонал жетекші әлемдік өндірушілермен тұрақты сапа мен бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етеді. «ВМП» жабындарымен «Алматы Арена», «Халық Арена», ЭКСПО нысандары, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының көпір жолайрықтары, «ҚазМұнайГаз», ERG, KazTransGaz, KAZ Minerals, «Қазақмыс», «Қазмырыш» компанияларының ірі нысандары сенімді қорғалған. Бүгінгі таңда зауытта 40 адам жұмыс істейді, болашақта штатты 60-қа дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Мұнда барлығы автоматтандырылған. Қызметкерлер үшін таңертең және кешке тасымалдау ұйым­дастырылды, – деп атап өтті кәсіпорын өкілдері.

Сондай-ақ индустриялық парк аумағында «MetalFormer» ЖШС шатыр және қаптау материалдарын өндіру зауытының құрылысына капсула салу рәсімі өтті, оны іске қосу 2024 жылға жоспарланған.

Осы жобаны іске асыру ішкі нарық сыйымдылығының 20 пайыздан астамын бұрын Ресейден, Қытайдан және Финляндиядан дайын түрде импортталған отандық өндірістің жабындық және қасбеттік материалдарымен жабуға мүмкіндік береді.

Жобада жылына 630000-ға дейін металл шатыр элементтерін және жылына 2200000-ға дейін қаптау материалын өндіру көзделген. Зауыт пайдалануға берілгеннен кейін 70-ке жуық жұмыс орны ашылады. Зауыт құрылысының ұзақтығы – 12 ай. Құрылыс процесіне 90-нан астам адам тартылады. Осылайша отандық өнімнің алғашқы шығарылымы 2023 жылдың қыркүйегіне жоспарлануда.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button