Мәдениет

Бояуы бедерлі суретші

Ұлттық музейде жас суретші Нұралы Шманов­тың «Әлемге бояуларыңды қос» атты жеке көрмесі ашылды.Нұралы – бейнелеу өнерінде енді көрініп келе жатқан жас. Ол – қаладағы №17 мектеп-лицейінің түлегі. Бала күнінен сурет салуға ынтық болып өскен бозбаланың туындыларынан оның өмірге деген, қоршаған ортаға деген көзқарасын жазбай танисыз. Әр жұмысының мағыналы болуына ерекше мән береді.
Көрмеге Нұралының 50 картинасы қойылды. Олардың бәрі бір-біріне ұқсамайды. Бояуы да бедерлі, мазмұны да нәрлі. Әр туындының тақырыбы – суретшінің ішкі әлемінің сыры секілді. Сондықтан автор өз шығармасына айтар ойын сыйғыза білген.
Шараның ашылуында «Нұр Отан» партиясы орталық аппараты Қоғамдық қабылдау бөлімінің бас консультанты Жұмажан Жүкенов жас дарынды қолдап, көрмесін өткізіп отырған бас музейге ризашылығын білдірді.
«Нұралы – талантты, ерекше бала. Ол өзі сөйлей алмаса да, алға ұмтылып, айтқысы келген ойы мен көңіл-күйін көркемсурет арқылы жеткізіп отыр. Бүгінгі көрме – оның еңбегінің алғашқы жемісі. Бұдан да шабыты тасып, шығармашылығы арта берсін дегім келеді» деді ол.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button