Жаңалықтар

Бүгілген белге сүйеу бол

Мерейлі мереке қарсаңында Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Дүйсенов Шұғай атаға құрмет көрсетті. Қарттың бүгiлген белiне сүйеу болу – қазақ халқының дәстүр сабақтастығы. «Төрiңнен қарт кетпесiн!» деп тілейтініміз сондықтан. Ел басына күн туған, қиын-қыстау күндерде жұртына қамқор болған қарттың бірі – Дүйсенов Шұғай. Атаның жасы қазір 90-нан асты. Ол 1941 жылы соғысқа аттанып, екі аяғынан айырылған соғыс ардагері. Қазір 26 немере мен 15 шөберенің ортасында Қиян әжемен бақытты өмір сүруде.
Қарттар күнінде Жеңісті сәтті жақындатқан атамызға құрмет көрсетіліп, сыйлық берілді. Кездесуде Шұғай ата ел басына күн туғанда қолдарына қару алған қазақ жауынгерлерінің өлшеусіз ерліктері туралы әңгімелеп берді.

Зульфира Спанова,
Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бас маманы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button