Жаңалықтар

ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ

МАЛАЙЗИЯ ПАВИЛЬОНЫ КЕЛУШІЛЕРДІ ДЖУНГЛИ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТТАУҒА ШАҚЫРАДЫ.

malajziya-ekspo2017

Малайзиялықтар LED-экрандарға қалың тропикалық орманды шығарып, елдің табиғи ландшафтын көрсетуге барын салды. Мұнда дәстүр мен заманауи технологиялар өзара үйлесім тауып, энергияны үнемдейтін шамдар, жаңғырмалы энергия көздерін пайдалану және жабайы табиғатты қорғау бағытында атқарылып келе жатқан жұмыстармен танысасыздар.
Ұйымдастырушылар интеллектуалды жарықтандыру саласындағы үздік жетістіктерін көрсетпекші. Олардың энергия үнемдейтін шамдары энергияны екі есе аз тұтынады.

MALAYSIAEXPO2017
Павильон аумағында плас­тикалық қоқыстан қайта өңделіп жасалған киім-кешек сатып алуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, малайлық қыздардың орындауында дәстүрлі биді тамашалап, жергілікті тағамдардың дәмін татып көруге болады. Малайзия­лықтар елордаға 90 метрлік кенепті алып келді, онда павильон қонақтары ыстық балауызбен өз қолтаңбаларын қалдыра алады. Көрме аяқталғаннан кейін өнер туындысын Малайзияға алып кетіп, экспозициялардың біріне қояды.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button