Денсаулық

Денсаулығыңызды тексеріп жүріңіз

«Үркер» тұрғын алабындағы №12 қалалық емханада ашық есік күні өтті. Осыдан екі жыл бұрын ашылған жаңа мекеме қазіргі күнде 20 мыңнан аса адамға медициналық қызмет көрсетеді.


Осы күні емхананың бас дәрігері Ғайса Құсайынов халықпен есепті кездесу өткізіп, қызмет сапасын арттыру тұрғысында тұрғындардың талап-тілекте­рін тыңдады.
– Әрине, алғаш ашылған жылдары мамандар же­тіспейтін. Тұрғындар жиі шағымданатын. Қазір емхананың техникалық базасы барынша жетілдірілді, дәрігерлер құрамын толықтай сайлап алдық. Жеке мамандардың тапшылығын да шешіп, олар аптаның белгілі бір күндері тұрғындарды қабылдайтын болды, – деді емхана бас дәрігерінің орынбасары Мейрамгүл Бөлеубаева.
Ашық есік күні тұр­ғын­дар қалауы бойынша қандағы холестерин, глюкоза деңгейін өлшеп, бой, салмақ, дене салмағының индексін анықтап, кеңестерін берді. Сонымен бірге тұ­рақты тіркеуі өзге жерде болса да, осы аймақта тұрып жатқандардың осы емханаға қайта тіркелуіне мүмкіндік берді.

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button