ЖаңалықтарМәслихат

ДЕПУТАТ КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

Мәслихат депутат­тары Конституция күні қарсаңында арнайы «Депу­тат күнін» өткізді. Ата заңның құрметіне қалаға қатысты бірнеше маңызды мәселелер көтеріліп, талқыға салынды.

Алғашқы баяндама­шы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Айгүл Сегізбаева ҚР «2011-2015 жылдарға арналған саламатты Қазақстан» даму бағдарламасы аясында жасалған игі қадамдар туралы талдамалы сарапта­масын ұсынды. Қаламыздағы емдеу мекемелерінің жұмыс барысы мен қол жеткізген жетістіктері жайлы толық ақпар берілді. Өткен жылдан қолға алынған скринингтік тексе­рулер нәтижелері пайыздық бағаммен алға тартылды. Тек­серу қорытындысы бойынша кейбір белең алған аурулардың алдын алуға қол жеткізілген. Жаңадан ашылған емдеу орын­дарына 670 миллион теңгенің арнаулы жабдықтары, 87 бірлік медициналық техника алынғаны баян етілді. Келер жылы 350 орындық көп салалы балалар ста­ционары, 350 келушіге арналған амбулаторлық емханалық кешен ашылатыны айтылды. Басқарма бастығының сөзіне сенсек, қазіргі таңда аурулар көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда азайған.

Ақпараттық технологиялар бөлімінің меңгерушісі Дәулет Садықовтың баяндамасына халық таңдаулылары тарапы­нан көптеген сын айтылды. Меңгерушінің көзінше ашылмай қалған сайттың кемшіліктері де назардан тыс қалмады. Жалпы халықтың әкімшілік сайтына емін-еркін қолжетімділігі бүгінгі таңда өзекті екендігі, оны түзеу қажеттілігі міндеттелді.

Шынар ӘБІЛДА

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button