#Жаңа Қазақстан

Ел болашағы – біздің қолымызда

– Әділетті, экономикасы және қоғамы дамыған мемлекетті құру үшін әр адам өз таңдауын жасауы керек. Осы таңдау гүлденген мемлекеттің пайдасына жасалады. Таңдау кезінде мен өз даусымды жан-жақты, қуатты Қазақстанды құруға мүмкіндік беретін бағдарламаға сүйене отырып бердім. Барша қазақстандықтарды сайлауға келіп, конституциялық құқығын пайдалануға шақырамын. Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір ел азаматы келіп, өз дауысын беруі керек. Өз болашағымыз – өзіміздің қолымызда.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда Астана қаласында 406-ға жуық сайлау учаскесі бар. Оның 304-і – азаматтардың тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелген жерінде, 34-і – уақытша тұратын аумақта, 68-і – шет мемлекеттерінің өкілеттілігінде орналасқан.

Асхат Налшыбек,

«Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалының төрағасы, қалалық қоғамдық кеңес мүшесі 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button