Жаңалықтар

Елбасы көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны өсірді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде көтерген бастамалары ең алдымен ел тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған. «Нұр Отан» партиясының бүгінгі съезі еліміздің әлеуметтік саясатына жаңа серпін берді.


Президен жаңа Үкімет мүшелеріне нақты әрі жауапты міндеттер жүктеп отыр. Бұл бастамалардың партияның съезінде көтерілуі кездейсоқ емес, өйткені «Нұр Отан» партиясы халықтың партиясы екенін дәлелдеді. Халықтың әл-ауқатын жақсартуға, оларға әлеуметтік қолдау білдіруді нығайтуға бағытталған шараларды үкімет қысқа мерзімде сапалы орындауы қажет. Бұл міндеттердің орындалуына қомақты қаржы бөлу тапсырылды. Мінеп, осы қаржының тиімдіәрі мақсатты жұмсалуы үшін партия мен қоғам тарапынан бақылау болуы тиіс. Сонда ғана Елбасының әлеуметтік бастамаларын аяғына дейін сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік болады.
Кірісі аз отбасылар арасында 111 мың ғана отбасы атаулы көмек алады. Көп балалы отбасыларындағы әрбір балаға берілетін жәрдемақы 21 мың теңгеге көтеруді тапсырды. Бұл көптің көкейінде жүрген маңызы мәселе еді.
Бұған дейін мұғалімдердің жалақасын өсірді, өздерінің кәсібилігін дәлелдегендерге 50 пайыз, жалпы 30 пайыз өсті. Енді Президент 1 шілдеден бастап барлық бюджет саласындағы жалақасы ең аз адамдардың жалақасын 30 пайызға, мүгедек бала асырап отырған ата-аналар мен отбасыларға берілетін жәрдемақыны 30 пайызға өсіруді тапсырды. Бұл миллиондаған азаматтардың әл-ауқатына оң ықпал етеді деп білемін.

Салтанат ЕСМАҒАНБЕТОВА,
«ОРДА» Астана қаласының аутизмі
бар балалар ата-аналарының бірлестігі»
қоғамдық бірлестігінің төрайымы 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button