Саясат

Елді елең еткізген

ТӘЖІКСТАНДА БАЛА ТУУ ШЕКТЕЛУІ МҮМКІН

Дүниежүзілік банк сарапшылары Тәжікстанда кедейшілікті жеңу үшін бала туу көрсеткішін азайту туралы ұсыныс білдірді.

Сарапшылардың мәлімдеуінше Тәжікстандағы кедейшілікке, жұмыссыздыққа демографиялық өсім себеп болып отыр. Елдің денсаулық сақтау министрлігі бала туу үшін әйелдерге бәрін жан-жақты жоспарлауды кеңес етті.
– Бала туу аралығын 3 жылға дейін ұзартқанымыз жөн. Себебі әйел ағзасы демалу керек. Ал біздегі әйелдердің 6-7 пайызы жыл сайын бала табады, – дейді Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Ана мен балаға медициналық қызмет көрсету департаментінің басшысы Шерали Рахматуллоева.
Биыл Тәжікстан халқының саны 9 млн-нан асып кетті. Осыдан бірнеше жыл бұрын Тәжікстан президенті елдегі ресурс 10 млн-ға жететіндігін мәлімдеген болатын. Бұл елде бес жылда тұрғындар саны бір млн-ға артып отырады.

НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

Корей Халық Демократиялық Республикасы, Оңтүстік Корея, АҚШ басшылары – Ким Чен Ын, Мун Чжэ Ин және Дональд Трамп бейбіт әлемді қолдау бойынша Нобель сыйлығының лауреаты атануы мүмкін.

Аты аталған басшылар қазіргі уақытта Корей түбегін ядролық қарудан арылту мәселесімен айналысып жатыр.
Timе басылымының хабарлауынша, бұл тізімге өз елінен қуылған Каталонияның экс-басшысы Карлес Пучдемон да енді. Ол былтыр Каталония­ның Испаниядан еншісін алып, өз алдына жеке мемлекет болу үшін түрлі қадамдарға барған. Алайда бұл әрекетті Мадрид тарапы құп көрмей, Пучдемонды қамауға алуды бұйырған еді. Артынан экс-басшының Бельгия­ға бассауғалап кеткені белгілі болды.
Сонымен қатар үміткерлер арасында Рим Папасының да аты көрінді. Биыл бейбіт әлемді қолдау бойынша 331 үміткер ұсынылып отыр. Оның 216-сы жеке тұлға болса, қалғаны – түрлі ұйымдар.

БОКС  ОЛИМПИАДАДАН ШЕТТЕТІЛЕ МЕ?

Халықаралық бокс қауымдастығында (AIBA) күрмеуін таппай тұрған мәселелерден кейін Олимпиада ойындарында бокс спорт түрінің қалуы екіталай болып отыр.

Өткен жылдың қараша айында AIBA-ның атқарушы комитеті Чинг-Куо Вуды бірнеше мәселеге байланысты ұйымның президент лауазымынан уақытша шеттеткен еді. Көп ұзамай AIBA-ны 11 жыл басқарған ол отставкаға кеткен болатын. Осы жылдың қаңтар айында Гафур Рахимов ұйым басшысы міндетін уақытша атқаруға кіріскен.
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) таратқан мәліметте AIBA басшылығындағы мәселелерге алаңдаушылық білдіріп отырғаны хабарланды. Бұған қоса алдағы конгресте бұл мәселелер шешімін таппаса, AIBA-ның ХОК мойындаған халықаралық ұйым атануы қиындайтынын жеткізді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button