Жаңалықтар

ЭЛЕКТРОНДЫ КАССА УАҚЫТ ҮНЕМДЕЙДІ

3333

Астана вокзалында Электронды сату орталығы ашылды.  Жоба жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруды және теміржол көлігінде заманауи қызмет түрлерін дамытуды көздейді.

Электронды сату орталығы халыққа қолма-қол немесе электронды ақша арқылы автоматтандырылған қызмет көрсету кассалары арқылы билет сатудың жаңа әдісін ұсынады. Арнаулы билет сату залында  16 электронды  билет кассасы орнатылған. Оған қосымша он қарапайым касса халыққа қызмет көрсетеді. «Біздің бұл технологияны енгізудегі мақсатымыз –  жолаушылардың тез әрі жайлы жағдайда билет сатып алуын қамтамасыз ету» дейді Электронды сату залының ашылу салтанатында  сөз сөйлеген «Жолаушылар тасымалы» АҚ президенті Ермек Төлегенов.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button