Қала тіршілігі

Елорда мерекесінде – ерекше тәртіп

Үйсіз-күйсіз жүргендер биыл елорда тойында қаладан қуылмайды. Сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті бұзбаса, жеңіл алкогольдік сусындар ішкен азаматтар да ұсталмайды. Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізген ІІМ-нің Әкімшілік полиция комитетінің басшысы Игорь Лепеха осындай мәлімдеме жасады.

Бірақ ұлан-асыр той екен деп құжатсыз жүрсеңіз, ешкімге ренжімеңіз. «Бізде адамды уақытша қабылдау мекемесі бар. Құжатсыз жүрген жандардың кім екенін анық­тағанша, сол жерге апарамыз. ЭКСПО кезінде жұрт үйсіздерді ұшақпен не пойызбен басқа жаққа апарып жатыр дегенді қызу талқылады. Ондай болмайды» деді комитет төрағасы.
Ол елорда тойында жеңіл алкогольдік сусын ішкенімен, қоғамдық тәртіпті бұзбаған тұрғындарды ешкім ұстамайтынын атап айтты. «Ондай адамды ұстауға хақымыз жоқ. Алайда құзырлы мекеме жетекшісі полицейлердің кейбір тұрғындарды негізсіз ұстап әкететінін де жоққа шығармады. Ондай кезде құқық қорғаушының өзі тиісті жазасын алады. Сөйтсе, полицейлердің өздерін сыртынан қадағалап жүретін коменданттық патрульдердің немен айналысатынын біз біле бермейді екенбіз. «Арнайы коменданттық патрульдеріміз жұмыс істейді. Олар кінәсіз адамдарды ұстаған өз қызметкерлерімізді бақылайды» деп түсіндірді төраға.
Игорь Лепеханың айтуынша, 27 маусым-8 шілде аралығында елордалық гарнизонның және Астанаға жақын орналасқан өңірлердің (Ақмола, Қарағанды, Павлодар) жеке құрамы күшейтілген қызмет жүйесіне көшіріледі. ІІМ-нің жедел басқару орталығы базасында іс-әрекеттерді үйлестіретін жедел штаб құрылады. Елордадағы қоғамдық тәртіпті күзетуге барлығы 3,5 мың полиция қызметкері тартылады. Соның ішінде 1,2 мыңы – Ұлттық ұланның сарбаздары. ІІМ Астанаға қыдырып келетін қонақтардың жолын ешкім бөгемейтініне сендірді.

Тағыда

Төлен Тілеубай

«Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button