Жаңалықтар

Елордада №5, 42 және 73 автобустардың қозғалыс сызбалары өзгерді

9474ff36e325ae669b65fe0995b

Астанада Абай даңғылының Ш. Уәлиханов көшесінен Б. Бейсекбаев көшесіне дейінгі учаскеде жол жөндеу жұмыстарының жүруіне байланысты №№ 5, 42, 73 бағыттарының жол қозғалысы сызбалары уақытша өзгереді.

№ 73 бағыт Абай даңғылындағы «Бейсекбаев к-сі» аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Абай даңғ. – Сембинов к-сі – С. Сейфуллин к-сіне келіп, содан әрі бұрынғы жол қозғалыс сызбасы бойынша жүреді. Кері бағытта аталмыш бекітілген жол қозғалысы сызбасы бойынша жүреді.

258d09ac7adee10c3bfe622d8e1.png

№ 42 бағыт С. Сейфуллин көшесіндегі «Асан Қайғы» аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай С. Сейфуллин к-сі – Күлтөбе орамы – Абай даңғ. – Сембинов к-сі – С. Сейфуллин к-сіне келіп, содан әрі бұрынғы жол қозғалыс сызбасы бойынша жүреді. Кері бағытта аталмыш бекітілген жол қозғалысы сызбасы бойынша жүреді.

a8e09eb7116cdba870395385429.png

№ 5, 73 бағыттар А. Жұбанов көшесіне бұрылмай, Кенесары к-сі – Брусиловский к-сі – Абай даңғ. – Сембинов к-сі – С. Сейфуллин к-сі сызбасы бойынша жүреді. Кері бағытта аталмыш бекітілген жол қозғалысы сызбалары бойынша жүреді.

Бұрынғы жол қозғалысы сызбалары жол жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін қайта қалпына келеді. Қосымша ақпарат алу үшін 574-777 телефонына хабарласуға болады.

astana.gov.kz

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button