Қоғам

ЕЛОРДАЛЫҚТАР ТОП ЖАРДЫ

Астанадағы №8 орта мектеп оқушылары «Сатылай кешенді оқыту технологиясы – тұлғаның қажеттіліктерін қанағат­тан­дырудың тиімді жолы» атты республикалық форум мен Кіші Ғылым академиясы ұйымдастырған «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты олимпиададан жүлделі оралды.

Байқауға аталмыш мектептегі 2 «ә» сыныбының «Ақжелкен» тобы мен 3 «ә» сыныбының «Бо­лашақ» тобы қатысты. Олар қазақ тілі, әдебиеттік оқу, дүниетану, математика пәндерінен сынға түсіп, жоғары көрсетішке қол жеткізді.
Нәтижесінде 8 шәкірттен жасақ­тал­ған елордалық команда бас жүлдені қанжығаға байлады.
Форум барысында осы мекеменің мұғалімдері Гүлсім Ахметова мен Айгүл Аймаханова шеберлік сыныптарын өткізіп, үздік деп танылды.

Ботагөз ИКРАМОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button