Елорда тынысы

Емдеу-оңалту орталығы салынып жатыр

Нұр-Сұлтан қаласында жаңа емхана мен емдеу-оңалту орталығы құрылысы қарқынды жүргізілуде.

[smartslider3 slider=2124]

Ауданы 10 мың шаршы метр болатын жаңа медициналық орталық Алматы ауданы аумағындағы К.Әзірбаев және А98 көшелерінің қиылысында бой көтереді. Жаңа орталықта бір ауысымда 500-ден астам науқас қабылданатын болады.

«Қаланың одан әрі дамуы үшін жеке инвестиция тарту, оның ішінде медицина саласына да бөлу маңызды. Елордада жеке қаражат есебінен емдеу-оңалту орталығы бар бес қабатты емхананың құрылысы жүріп жатыр.

Медициналық орталықта амбулаториялық және стационарлық көмектен бөлек, түрлі ауруы бар адамдар үшін оңалту қызметтері де көрсетіледі. Осы мақсатта ауданы 3,5 мың шаршы метрден асатын емдеу­-оңалту орталығы жұмыс істейтін болады. Медициналық мекемеде ересектер мен балаларға арналған бассейн де қарастырылған.

Аталған емхана мен емдеу-оңалту орталығын салуға және жарақтандыруға 4,5 млрд теңге жеке инвестиция жұмсалады. Қала тұрғындарын медициналық көмекпен қамтуды арттыру үшін жеке медициналық орталықтарға субсидия бөлінетін болады.

Сонымен қатар, бюджет есебінен «үй маңындағы дәрігер» медициналық орталықтар желісін кеңейтудеміз, медициналық мекемелерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр» деп мәлім етті елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button