Қоғам

Ең маңызды мереке

Біздің мемлекетіміздің күші – о бастан дұрыс бағытта дамуға таңдау жасалғандығында. Қазақстан әлемдегі тұрақсыздық орнаған ортада өзін тәртіп пен бірізділіктің эталоны ретінде көрсетіп келеді. Ақпарат құралдары арқылы көрші елдердегі түрлі келеңсіздіктердің белең алып жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан біздің отанымызда бейбітшілік пен келісімнің салтанат құруы, сондай мәртебені ұстап тұруымыз бірінші кезекте, биыл тарихына ширек ғасыр болатын Конституциямыз­дағы адам мен азаматтар құқығының тең сақталуына байланысты дер едім. Әлемдегі тыныштық пен келісімді нығайтуға бағытталған қаншама ауқымды шаралардың дәл біздің мемлекетте өткізілгенін білеміз және ол кездейсоқтық емес. Қазақстан өзін түрлі этностар мен конфессиялар мүдделерін анағұрлым оңтайлы теңгерімде ұстау ісі жөнінен әлемдік деңгейдегі медиатор ретінде танытып, оны Конституциясында бекітті.
Рухы жағынан еркін және кең пейілді ингуш халқы үшін де Қазақстанда өмір сүру мен даму бағытында жасалған жағдай өте маңызды әрі бағалы. Біз өзімізді бәрімен бірдей, тең дәрежеде сезінеміз. Білім алуда, мемлекетке қызмет етуде, шығармашылықпен, спортпен айналысуда да тең құқылымыз, мұндай құндылықтар барша қазақстандыққа бірдей қолжетімді. Соның ішінде әрбіріміз үшін маңыздысы – діни наным-сенім еркіндігінің болуы.
Қазақстан – көпұлтты ел. Біздің құндылығымыз да осында. Барша қазақстандықтарды осы бір айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button