Жаңалықтар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ЕКШЕЛДІ

ERA_1673

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үш жақты комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Жиналысқа Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бас­қар­ма­сының басшысы Алма Алтыбаева, Астана қаласы кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев, Астаналық жұмыс беру­ші­лер одағы төрағасының орынбасары Қайрат Елубаев, Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Айтуған Омаров және салалық кәсіподақ комитетінің жетекшілері қатысты.

Кеңестің күн тәртібінде «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасы, зейнеткерлік жасқа жақындаған тұлғаларға қатысты жұмыс берушілердің еңбек заңнамаларын сақтау мәселелері, «Ұжымдық шарт жасаңыздар» акциясына өндірістік ұжымдардың белсенді қатысуына қатысты бірқатар мәселелер төңірегінде ой өрбітті.

Естеріңізге сала кетсек, 2008 жылдың қаңтарынан бері «Ұжымдық шарт жасаңыздар» акциясы жүзеге асуда. Ұжымдық шарт – еңбек дауларын шешуде негізгі құқықтық құжат. Мұндай шарт жасау және кәсіптік одақтар туралы заңнама барлық тараптардың мүддесі сақтауда аса қажетті деп шешті кеңеске жиналғандар.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button