Елорда тынысы

Еңбек жағдайын жақсарту жалғаса береді

Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәдениет саласы қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуде мәдениет саласын дамыту және еңбек жағдайын одан әрі жақсарту мәселелері талқыланды. Мәдениет және өнер қайраткерлері мәдени нысандар желісін кеңейту, ғимараттарды жөндеу, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу, жалақы мөлшерін көтеру, сондай-ақ тұрғын үй және басқа да әлеуметтік мәселелер қозғалды.

Алтай Көлгінов тұрғын үй сертификатының сомасы 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайғанын айтты.

«Маңызды мәселелердің бірі – тұрғын үй. Қазақстандық тұрғын үй бағдарламасы (ҚИК) желісі бойынша мәдениет қайраткерлері санатын енгіздік; тұрғын үй сертификатының сомасын 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайттық, сол сияқты өзге де тұрғын үй сертификаттары бар.

Осы жылдың маусым айында мәдениет қызметкерлерінің жалақысы (кітапханашылар, суретшілер, мұражай қызметкерлері және т.б.) 30-дан 50%-ға дейін көтерілді. Еңбек жағдайын жақсарту жөніндегі шаралар жүйелі түрде жалғасатын болады. Сондай-ақ бірқатар мәдени нысандарға жөндеу жүргізілді. Ал М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында жөндеу жүріп жатыр. Өздеріңіз білетіндей, жөндеу жұмысы 2018 жылы басталған, алайда сыбайлас жемқорлық, оның ішінде мердігер тарапынан да заң бұзылғаны анықталды. Сот рәсімдері аяқталғаннан кейін жаңа мердігер анықталып, жұмыс қайта жанданды» деді елорда әкімі.

Қала басшысы ерекше қажеттілігі бар жандардың өтініші бойынша «Qanattylar» инклюзивті театры ашылғанын, оның артықшылығы – ерекше қажеттілігі бар адамдарды әлеуметтендіру, шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік беру, ал арнайы сабақтардың арқасында олар да оңалтудың бір түрін алатынын айтты.

«Мәдениет қайраткерлерімен бірлесе отырып, оқушыларымызға арналған бірлескен жобаны іске қос­тық. «Музейдегі оқу күні» жобасы оқушылардың ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан тарихын зерделеуге мүмкіндік береді. Жоба теориялық білімді бекітуге бағытталған» деді Астана әкімі.

«Кездесуде айтылған проблемаларды шешу жұмысы қолға алынды, кестеге енгіземіз» деп кездесуді қорытындылады қала басшысы.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button