Жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРДІҢ ЕСЕБІ ТҮГЕЛ


04-1

Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукиннің төрағалығымен әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi қалалық үшжақты комиссиясының кезектi отырысы өтті.\

Бұл жолы күн тәртібі кәсіподақтар мәселесі мен еңбек қауіпсіздігі төңі­регінде өрбіді. Онда комиссия мүшелері «Кә­сiп­­тiк одақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сай өзін-өзі тарату рәсімдерін түсіндіру жөнінде әңгіме қозғады. Сонымен қатар, заңдылықты сақтай отырып, жұмысын жалғастыра алмай отырған кәсіптік одақ ұйымдары әрі қарай қалай қарекет етуі жайы­на кеңінен тоқталып, құ­қықтарын түсіндірді.

Жиында Қазақстан Рес­публикасы жаңа Еңбек кодексі шеңберінде қала­ның кәсіпорындарында ұжымдық шартты жасасу туралы, еңбек заңнамасын сақтау, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеу бойынша жұмысты кү­шейту туралы мәселелер де қаралды.

Сондай-ақ, еңбек күнін мерекелеуге арналған қа­лалық форумды өткізу жө­ніндегі жоспар-тапсырма мен 2017-2019 жылдарға арналған еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша «Қауіпсіз еңбек» бағ­дар­ламасының жобалары талқыланды.

Отырыс қорытын­ды­сында тараптардың келісімі бойынша нақты шешімдер қабылданды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button