Мәдениет

Ерекше мүшәйра өтті

Қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы және «Қанаттылар» инклюзивті театрының ұйымдастыруымен ерекше қажеттілігі бар жандар арасында көркемсөз оқу шеберлері байқауы мен ақындар мүшәйрасы өтті.

[smartslider3 slider=3327]

 

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өткен іс-шара «Жастар» театрында болды. Іс-шараға Премьер-
министр орынбасары ­Ералы Тоғжанов және Әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Сағындықова, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев және мемлекеттік мекеме басшылары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, көпбалалы аналар және
т. б. қатысты. Байқау мақсаты – ерекше қажеттілігі бар жандардың талантын ұштап, дарынды өнер иелерін халыққа таныту, қоғамда белгілі орны бар толыққанды азамат екенін сезінуге мүмкіндік жасау.

Қатысушылар А.Байтұрсынұлы, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ә.Нұршайықов шығармаларын оқыды. Ал ақындар А.Байтұрсынұлы мен тілге арналған өз туындыларын оқыды. Көркемсөз оқу шеберлері байқауы бойынша І орынды Гүлмира Шаймағанбетова, ІІ орынды Алтыншаш Мұқатаева, ІІІ орынды Мейрамгүл Байжігітова мен Айкүміс Мұрадова иеленді. Ал ақындар мүшәйрасының қорытындысы бойынша І орынды Ислам Мағытанов, ІІ орынды Елдос Абаев, ІІІ орынды ­Перизат Бекмұратова иеленді. Жеңімпаздар мен қатысушылар бағалы сыйлық және дипломмен марапатталады.

Байқау жеңімпаздарын
Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов құттықтады. Сондай-ақ іс-шара барысында «Қанаттылар» театрының өнерпаздары Ахмет Байтұрсынұлының өмірінен қойылым көрсетіп, өз өнерін паш етті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button